Волейболдан Таиландта өтетін клубтық Азия чемпионатындағы кездесулер кестесіне өзгеріс енді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерлер командасы арасындағы бәсеке 8-15 қазан аралығында өтеді.

Аталған сынға Қазақстан атынан еліміздің қазіргі чемпионы «Буревестник» қатысады.

Жеребе бойынша алматылық клуб Таиланд, Шри-Ланка, Ирак және Кувейт чемпиондарымен бір топқа түсті.

Турнирде жалпы есебі 10 команда бақ сынайды.