Қазақстандық Кирилл Герасименко үстел теннисінен «Werder» сапында Германия чемпионатына қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.
Германияның Бергнойштадт қаласында үстел теннисінен Германия чемпионатының ІІІ кезеңі аясында «TTC Schwalbe» - «Werder» (Бремен) кездесуі өтті.
Бремендік «Werder» сапында ойнайтын қазақстандық Кирилл Герасименко өз кездесуін 3:2 есебімен жеңіспен аяқтап, командасына 2 ұпай әкелді.
Команда сапындағы спортшылар кездесуінің нәтижесі төмендегідей:
Бенедикт Дуда («TTC Schwalbe») - Марсело Агирре («Werder») 3:0
Элиас Ранефур («TTC Schwalbe») - Маттиас Фальк («Werder») 3:0
Альберто Мино («TTC Schwalbe») - Кирилл Герасименко («Werder») 0:3
Бенедикт Дуда («TTC Schwalbe») - Маттиас Фальк («Werder») 1:3
Элиас Ранефур/ Альберто Мино («TTC Schwalbe») - Кирилл Герасименко/ Марсело Агирре («Werder») 1:3.
Комментарии