Шабуылшылар Владимир Бакика, Ильдус Сулейманов және Глеб Бандуркин «Бейбарыс» хоккей клубынан кетті, деп хабарладйы Prosports.kz.

Бұл туралы атыраулық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды.

Өткен маусымда Владимир Бакика 31 матчқа қатысып, 13 (4+9) ұпай жинады. Ильдус Сулейманов 21 ойында еншісіне 6 (1+5) ұпай жазды. Ал Глеб Бандуркин 22 кездесуде 6 (2+4) ұпай еншіледі.