Байдарка мен каноэде есуден Қазақстан командасының бас бапкері Андрей Шантарович Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, қазақстандықтардың Токиодағы көрсеткішін бағалады.

«Біздің көптеген спортшымыз үшін бұл алғашқы Олимпиада. Сондықтан, моральдық-физикалық тұрғыдан нағыз сынақ болды. Біздің командамыз психологиялық тұрғыдан мықты екенін айтқым келеді.

Екі рет 12-ші орын алдық. Екеуін де екі адамдық каноэдегі қыздарымыз иеленді. Шыны керек, жақсы көрсеткіш. Олар әрі қарай дами түседі деп ойлаймын.

Емельянвтарға келер болсам, олар да жақсы өнер көрсетті. Нәтижелері Азияда үздік саналады. Олардың экипажы сары құрлықтағы ең мықтылардың бірі деп есептеймнін. Десе де, Қытайды қуып жету мүмкін емес. Олардың деңгейі биік.

Штабқа айтар өкпеміз жоқ. Бәрі қызметін толығымен атқарды, бәрі де жарады», - дейді Шантарович.