Футзалдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кезеңде еліміз атынан алматылық «Қайрат» пен «Атырау» бақ сынайды.

«Қайрат» төртінші топқа түсті, қарсыластары - ресейлік «Тюмень», италиялық «Пезаро» мен чехиялық «Пльзень».

Ал «Атыраудың» қарсыластары - лиссабондық «Спортинг», словениялық «Добовец», франциялық «Аньер-Вильев».

Негізгі кезеңнің ойындары 26-31 қазан аралығында өтеді.