«Алтай Торпедо» хоккей клубы қорғаушы Алексей Грищенкомен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

30 жастағы ойыншымен келісімшарт 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін жарамды. 2020/2021 жылғы маусымында Алексей Грищенко петропавлдық «Құлагер» сапында өнер көрсетті (46 кездесуде 2+5 ұпай).