Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) бұрынғы президенті Жак Рогге 79 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рогге 2001-2013 жылдары ХОК басшысы болды. ХОК-дегі жұмысын аяқтағаннан кейін оның құрметті президенті болды.

Спортшы ретінде Рогге желкенді спорт бойынша үш олимпиадаға қатысты. 1989-1992 жылдары Бельгия Олимпиадалық комитетін басқарды.