ЦСКА жартылай қорғаушысы Никола Влашич мансабын Тұманды Альбионда жалғастыруы ықтимал, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Хорват футболшысы «Вест Хэм Юнайтедпен» 2026 жылға дейін жарамды келісімшартқа отырған. Лондондық клубта жылына 4 миллион еуро жалақы алады. Мәскеуліктер Влашичтің арқасында қазынасын 30 миллион еуроға байытады.

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бакитиор Зайнутдинов ЦСКА -да ойнайды.