Лас-Вегаста (штат Невада, АҚШ) UFC Вегас 35 турнирі аяқталды, деп жазады Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде грузиялық Гага Чикадзе мен бразилиялық Эдсон Барбоза кездесті.

Кездесудің үшінші раундында Барбоза техникалық нокаутпен жеңілді.

Осылайша, Чикадзе мансабындағы 14-жеңісіне қол жеткізді (UFC-де жеті рет жеңіп, екі мәрте жеңілген). Ал Барбоза 32 жекпе-жек өткізіп, 10 рет жеңілді.