«Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовски Бундеслига 3-турының «Гертаға» қарсы ойынында хет-трик жасады.

Левандовски «Бавария» сапындағы 300 -ші голын соқты. Бұл көрсеткішке жету үшін 333 матч өткізу қажет болды.

Сонымен қатар, Левандовски Бундеслиганың 13 ойынында қатарынан гол соқты. Бұл оның жеке жетістігі. Бұрын тек Герд Мюллер ғана ұзақ серияға ие болды (1969/70 маусымындағы 16 ойын).