Қазақстандық файтер Серік Тлекеев Мәскеуде өтетін OFC 10 турнирнің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады.

Ол жергілікті спортшы Эдуард Вартанянмен қолғап түйістіреді. Аралас жекпе-жек кеші 12 қыркүйекте Мәскеуде өтеді.

Айта кетейік, Серік Тлекеев мансабында 10 айқаста жеңіске жетсе, екі қарсыласына есе жіберген.