Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы Мажарстан астанасы Будапеште 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe сериясы бойынша өткен үшінші санатты жарыста жеңімпаз атанды, деп хабарлайдымҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, турнирдіңмбірінші ракеткасы болып тіркелген З.Нұрланұлы финалдамресейлік Алексей Савгирмен кездесті.

Қазақстандық теннисші 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Бұдан бұрын осы Будапешт қаласында Заңғар финалдамжеңіліп қалған болатын.

Енді соның есесін қайырды. Осылайша З.Нұрланұлы соңғы екі жылда Tennis Europe сериясы бойынша өткен жарыстарда жекелей сында екінші рет топ жарып отыр.