Тигран Гекчян «Атырау барыстары» командасының жаңа бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан чемпионатының 2020/2021 жылғы күміс жүлдегерлерінің бапкері өз лауазымына келмес бұрын Ливан мен Армения клубтары мен ұлттық құрамаларында жұмыс істеді.