Қазақстандық дзюдошы Әнуар Сариев 2020 жылы Токиода өтетін Паралимпиада ойындарында алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалдағы кездесуде Сариев Моңғолия өкілі Ядамдорж Сухбатардан басым түсті. Ол «ваза-ари» әдісін сәтті жасады.

Жартылай финалда Әнуар Сариев колумбиялық Маркос Деннис Бланкомен күш сынасады.