Бір айдан кейін біздің елде Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) ірі жарысы өтеді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.2021 жылдың 26 ​​қыркүйегі мен 2 қазаны аралығында Нұр-Сұлтандағы Ұлттық теннис орталығында әлемнің әйелдер арасындағы теннис жұлдыздары жарыстың бас жүлдесі мен 250 рейтингтік ұпай үшін таласады. Спорттық шара әлемнің 70 -тен астам елінде көрсетіледі.«Бұл ауқымды шара болмақ. Екі апта бойы әлем теннисінің назары Қазақстанға ауады, өйткені алдымен ерлер арасында ATP 250 турнирі өтеді, содан кейін бірден әйелдер WTA 250 басталады», - дейді Astana Open WTA 250 турнирінің директоры Питер Джонстон ҚТФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында. - «Біз әлем теннисшілері мен жанкүйерлерін ұмытылмас жақсы әсерге бөлеу үшін бар күшімізді саламыз».Әйелдер арасындағы турнирдің негізгі кезеңіне Қазақстан құрамасының барлық көшбасшысы қатысады. ATP 250 және WTA 250 басталмас бұрын Нұр-Сұлтанда Қазақстан чемпионаты өтеді. Жеңімпаздар негізгі кезеңге wild card алады, ал финалистер іріктеу ойынына қатысады.