«Ақтөбе» футбол клубы украиналық шабуылшы Дмитрий Коркишкомен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. Бірақ келісімшарт жайлы толық мәліметті жариялаған жоқ.

Бұған дейін футболшы «Днепр», «Ворскла», «Карпаты» сияқты клубтарда ойнаған.