«Барыс» хоккей клубы шабуылшы Кирилл Савицкиймен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі жақты келісімшарт бір маусымға жасалған (2022 жылдың 30 сәуіріне дейін).

Савицкий «Барыс» сапында биыл Қазақстан Президенті кубогында төрт матч өткізген болатын.