«Барыстың» президенті Борис Иванищев клубтың алдағы маусымдағы бюджетіне қатысты сұраққа жауап берді.

- Бюджет жыл басында бекітілген. Қазір клубтың жаңа құрылтайшысы бар — «Спорт және туризм индустриясын қолдау қоры» қоғамдық қоры. Жаңа құрылтайшы биылғы маусымда қаржылай көмектеседі деп сенемін. Жоспарлаған қаржыны аламыз деген ойдамын.

- Нақты санды айта аласыз ба?

- Жоқ. Өйткені «Самұрық-Қазына» Президенттік клубтың төрт клубына қаржы жібереді. Әзірге нақты қанша екенін айта алмаймын.