Конференция лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф сатысындағы «Қайрат» - «Фола» (Люксембург) матчты көрерменсіз өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Матч санитарлық нормаларды сақтау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес көрерменсіз өтеді. Матчты клубтың YouTube-тегі ресми арнасы көрсетеді», - делінген клуб хабарламасында.

Айта кетейік, «Қайрат» – «Фола» матчы 26 тамызда Алматы уақытымен 20:00 -де басталады.