Испанияның үшінші дивизионында (Сегунда Б) ойнайтын «Антекерa» клубы 20 жастағы қазақстандық футболшы Дмитрий Бачек трансферін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақстандық вингер Дмитрий Бачек «ақ-жасылдардың» шабуылын күшейтеді. Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы жылдамдығымен, сапалық соққысымен ерекшеленеді», - деп жазады испандық клубтың ресми твиттері.

Бачек қарағанды футболының түлегі. Қазақстан жастар құрамасының футболшысы өткен маусымда Испанияның тағы бір клубы «Побленсе» сапында өткізді.