«Барселонаның» жартылай қорғаушысы Серхио Бускетс клубтың жалақысын қысқарту туралы ұсынысын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жақын арада тараптар өзгертілген жаңа келісімге қол қояды.

Бұған дейін қорғаушы Сержи Роберто «Барселонамен» жалақысы қысқартылатын жаңа келісімшартқа отыратыны хабарланған болатын. Сонымен қатар, Жерар Пике пен Жорди Альба да қаржы мәселесінде клубқа жеңілдіктер жасады.