Синхронды жүзуден қазақстандық спортшы Екатерина Немич тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы мен оның жарының суретін Екатеринаның сыңары Александра Немич жариялады.

Кадрға қарағанда той жағалауда өткен.

«Екатерина мен Илья», - деп жазды Александра.

Еске салайық, Немичтер биыл Токио Олимпиадасына қатысып, финалға шыға алмаған еді.