Қазақстандық боксшы Мадияр Тайпақов Дубайда (БАӘ) жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жасөспірімдер турнирінде (2005-2006 ж.т.) 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол палестиналық Джудд Раджабовпен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңді.

Мадияр Тайпақов - Қазақстан чемпионы, сонымен қатар Сербияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы.