Германиялық «Ганза» шабуылшысы Штрели Мамба Германияның екінші Бундеслигасындағы матчта гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мамба «Динамо Дрезденмен» кездесуде 43-ші минутта есепті теңестірді. Бірақ матч қорытындысы бойынша командасы 1:3 есебімен ұтылды.

Естеріңізге сала кетейік, Штрели Мамба «Қайрат» футболшсы. «Ганза» клубына жалға берілді.