Зарина Дияс Чикагода (АҚШ) өтіп жатқан WTA 250 Chicago Women Open турнирінің іріктеуінде финалға өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу жеребесінің жартылай финалында қазақстандық теннисші Ұлыбритания өкілі Эден Силваны сенімді жеңді - 6:0, 6:1.

45 минутқа созылған кездесуде Зарина 2 эйс жасады.

Турнирдің негізгі кезеңіне шығу үшін Зарина Дияс оңтүстіккореялық Хань На Лэмен кездеседі.