Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (15-0, 14 КО) рингтегі кезекті кезекті жеңісін тойлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кособуцкий Гамбургте (Германия) өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, «Танк» лақап атымен америкалық Джоу Давейкомен (21-8-4, 12 КО) жекпе-жек өткізді. Ауыр салмақтағы жекпе -жек он екі раундқа жоспарланды. Ал қазақстандыққа тиесілі WBA International чемпиондық белбеуі бәске тігілді. Қазақстандық спортшы екінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді.

Осылайша, Жан Кособуцкий мансабындағы он алтыншы жеңісіне қол жеткізді.