21 тамыз күні Алматыда қазақстандық OCTAGON лигасы мен Bahrain BRAVE CF промоушені бірлескен турнир өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де басталады, ал тікелей эфир Qazsport телеарнасында көрсетіледі. Көрермендер турнирді BRAVE CF TV сайтынан да тамашалай алады.

Кештің басты жекпе-жегінде оңтүстіккореялық Тэ Кюн Ким (8-0) мен қазақстандық Нұржан Ақышев (11-2) кездеседі.

Екінші маңызды жекпе-жекте тағы бір қазақстандық Василий Тахтай (8-0) мен бразилиялық Роджер Сампайо қарсылас болады.

Басты кардтың үшінші маңызжы жекпе-жегінде сегізбұрышқа украиналық Александр Доскалчук бұрынғы M-1 Global чемпионы жерлесіміз Асу Алмабаевпен төбелеседі.