19 тамызда «Барыс» хоккей клубы Беларусь құрамасымен жолдастық кездесу өткізді, деп жазады Prosports.kz.

Минскідегі «Олимпик Аренада» өткен ойында 2:1 есебімен алаң иелері жеңіске жетті.

Назарларыңызға аталған кездесудің үздік сәттерінен видеошолу ұсынамыз.

Айта кетейік, елордалық клуб Беларусь құрамасымен екі жолдастық матч өткізуді жоспарлаған.