Конференция лигасы плей-офф кезеңінің бірінші матчында «Рома» «Трабзонспорды» сырт алаңда 2:1 есебімен ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Андреас Корнелиустің қақпасына қонақтар сапынан Лоренцо Пеллегрини мен Эльдор Шомуродов гол соқты. Өзбекстандық шабуылшы үшін бұл римдік команда сапында ресми матчтағы алғашқы голы болды.

Қарымта матч 26 тамыз күні Римде өтеді.