UFC-дегі қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновқа (14-0) ота жасалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Баршаңызға сәлем! Кеше мен азинвазивті операция жасаттым. Рахмет! Буынында проблемасы бар адамдардың бәрі осы травматолог-дәрігерімен хабарласыңыздар», - деп жазды Рахмонов инстаграмдағы парақшасында.

Айта кетейік, Шавкат бұған дейін UFC-де екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де мерзімінен бұрын жеңіске жетті.