«Шахтер» 2021/22 конференц -лигасының плей -офф кезеңінің бірінші матчында «Маккабиден» (1: 2) ұтылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кеншілерден 73 минутта Ыдырыс Умаев гол соқса, қарсылас клубтың ойыншысы Ави Рикан 75 минутта есепті теңестірді. Ал, 77 минутта Эден Шамир «Маккабиді» алға шығарды.

Қарымта кездесу Израильде 26 тамызда өтеді.

Конференция лигасы - 2021/22. Плей -офф. Бірінші матч.

«Шахтер» - «Маккаби» Т -А 1: 2

Голдар: Умаев 73 - Рикан 75, Шамир 77.

«Шахтер»: Шацкий (В, К), Ламанж, Хозин, Граф, Буйволов, Назаренко (Кыбырай 65), Митошевич (Рустемович 83), Букорац, Мавутор (Бакаев 72), Шикавка (Назымханов 65), Таттыбаев (Умаев 72).

«Маккаби» Т-А: Перец (В), Саборит, Нахмиас, Луис Эрнандес, А. Жералдеш, Йейни (К) (Шамир 66), Рикан, Глазер, Бен-Хаим (Озез 66), Халяйла (Альмог 87), Герреро (Шахар 87).

19 тамыз. Нұр-Сұлтан Астана Арена. Матч көрерменсіз өтті.