«Қызыл-Жар» командасы Павел Яковлевті қатарына қосты, деп хабарлайды Prosports.kz петропавлдық клубтың инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасап.

Павел ДЮСШ «Звезда» сонымен қатар СДЮШОР «Спартак» тәрбиеленушісі. Талантты ойыншыны 2009 жылы «Спартак» клубының бас жаттықтырушысы Валерий Карпин байқап, кейін Павелді бірінші командамен жазғы оқу-жаттығу жиындарына шақырады. Яковлев футбол сүйер қауымға көбінесе «Спартак» және «Крылья Советов» командаларындағы ойындары арқылы таныс.

Футболшы «Мордовия»,«Анжи» командаларында да доп тепкен. Вингердің соңғы ойнаған клубы «Факел». Премьер- лигада 187 кездесуге қатысып, 24 рет қақпаны дәл көздеген.

Туған күні: 07.04.1991

Амплуа: Жартылай қорғаушы

Бойы: 1.79м

Салмағы: 72кг