20 тамызға қараған түні алматылық «Қайрат» Конференция лигасы плэй-офф кезеңі аясында Эш қаласының «Фола» командасына қарсы алғашқы матчын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматылықтар бұл жұптың фавориті болғанымен, сақ ойнауы қажет. Себебі «Фола» алдыңғы кезеңдерде солигорскілік «Шахтер» мен солтүстікирландиялық «Линфилдты» жарыс жолынан шығарған.

Дегенмен, «сары-қаралардың» жанкүйерлері алматылық клуб Люксембургтен жеңіспен оралады деп күтеді.

«Фола» – «Қайрат» матчының тікелей трансляциясы 23:20-да басталады, ойынды алматылық клубтың ресми арнасы көрсетеді.

Фото fckairat.com