Қазақстан жастар құрамасының «Даниямен» болатын ойынға арналған құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz kff.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов Еуро -2023 іріктеу кезеңінде «Данияға» қарсы болатын ойынға шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.

28 тамызда Нұр-Сұлтанда жастар құрамасының спорттық жарыстары басталады. Тізімде 25 ойыншы бар.

Қақпашылар: Данил Устименко («Қайрат»), Вадим Петров («Қызыл-Жар СК»), Қажымұқан Төлепберген («Мақтаарал»);

Қорғаушылар: Дінмұхамед Қашкен, Әлішер Әжімов (екеуі де - «Ақтөбе»), Александр Широбоков («Қайрат»), Әділбек Жұмаханов («Атырау»), Лев Скворцов, Сағи Совет (екеуі де - «Астана»), Жалғас Жақсылықов («Тараз»), Тайыр Нұрсейітов («Шахтер»), Нұрәлі Мамырбаев («Қыран»), Нұрберген Нұрбол («Жетісу»);

Жартылай қорғаушылар: Сұлтан Сағнаев («Астана»), Андрей Ульшин, Данияр Үсенов, Арсен Буранчиев (барлығы – «Қайрат»), Елхан Астанов («Ордабасы»), Арман Кеңесов («Қайсар»), Дінмұхамед Қараман («Тараз»), Максим Самородов («Ақтөбе»);

Шабуылшылар: Вячеслав Швырев («Қайрат-Мәскеу»), Матвей Герасимов («Ислоч», Беларусь), Абылайхан Жұмабек («Тараз»), Владислав Прокопенко («Астана»).

Қосалқы құрам:

Владислав Саяенко («Қызыл -Жар СК»), Александр Довгал («Оқжетпес»), Жаслан Қайыркенов («Атырау»), Жасұлан Жұмашев («Тобыл»), Еркебұлан Сейдахмет, Равиль Ибрагимов (екеуі де – «Қайрат»), Мирас Тұрлыбек («Ақсу»), Мейрамбек Қалмырза («Астана»), Иван Свиридов («Шахтер»).

Бапкерлер штабы: Қайрат Нұрдәулетов - аға жаттықтырушы, Асқар Ыдырысов - аға жаттықтырушының көмекшісі, Нұрбол Жұмасқалиев - аға жаттықтырушының көмекшісі, Юрий Новиков - қақпашылар жаттықтырушысы, Ахматхон Искандаров - дәрігер, Қайратәлі Құнходжаев - массажист, Ақмұрат Ашабаев - массажист Лаптев - видеограф;

Естеріңізге сала кетейік, 7 қыркүйекте 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Дания құрамасымен кездеседі. Матч Нұр-Сұлтанда, «Астана Арена» стадионында өтеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 20: 00-де басталады.