Волейболдан Қазақстан құрамасы әйелдер арасында Орта Азия чемпионатына қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

17 тамыз басталған құрлықтық додаға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан құрамалары қатысуда. Топтық кезеңде командалар өзара бақ сынап, жартылай финалға жолдама алатын жұпты анықтайды.

Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы аталмыш додада алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Қырғызстан құрамасымен кездескен отандастарымыз алғашқы ойында 3:0 есебімен сәтті бастады.