18 тамызда Қазақстанның оңтүстік астанасында аралас жекпе-жектен Alash Pride Grand Prix 67 ірі турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ауқымды жарыста біздің елдің ғана емес, көршілес елдердің де танымал спортшылары өнер көрсетеді.

Аlash Pride Grand Prix 67 турнирінің рейтингтік жекпе-жегінде Мақсат Есболатов, Серік Тілекеев, Ғалымжан Қанаев, Бауыржан Қалмұрзаев (бәрі - Қазақстан), Бобур Курбанов, Азамат Нуфтиллаев, Бобуржон Абдулазизов, Муроджон Ахмедов, Жонибек Номозов (бәрі - Өзбекстан), және Медербек Нурмамат Уулу (Қырғызстан) төбелеседі.

Жарыс 7 тамыз күні өтеді деп жоспарланған. Алайда, Алматыдағы шектеулерге байланысты 18 тамызға қалды. Көрермендер кіре алмағанымен, QAZSPORT телеарнасынан тікелей эфирде тамашаулға мүмкіндік бар.

Айта кетейік, «ALASH PRIDE»жекпе-жек клубы - Қазақстандағы кәсіби ММА-дан ең мықты спорттық ұйым. «ALASH PRIDE» есебінен 40-тан астам турнир өткізілді.