Қазақстан Кубогы топтық кезеңінің алтыншы тур матчында петропавлдық «Қызыл-Жар СК» мен қарағандылық «Шахтер» ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Қарағындылықтар турнирлік мәселені шешіп қойған еді. Оның үстіне екі күннен Конференция лигасында матч өткізеді. Сондықтан, «Шахтер» Петропавлға жас футболшылармен келді, бұл қорытынды нәтижеге айтарлықтай әсер етті. Алаң қожайындары Қарағанды жастарының қақпасына сегіз гол соқты. «Шахтер» бір доппен жауап қатты.

Осылайша, А тобынан «Қызылжар» бірінші орынмен шықты. Ширек финалда «Тобылмен» кездеседі. Ал, екінші орын алған «Шахтердың» қарсыласы - «Тараз».

«Қызыл-Жар» — «Шахтер» 8:1 (2:1)

Гол соққандар: Савкив автогол 19 (1:0), Смайлагич 33 (2:0), Туткышев 44 (2:1), Шмидт 48 (3:1), Зорич 54 (4:1), Смайлагич 64 (5:1), Измайлов 67 (6:1), Измайлов 71 (7:1), Черединов 87 (8:1).