Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының (15-0, 10КО)кезекті жекпе-жегі қашан өтетіні анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алдағы кездесуде жерлесіміз WBA нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағына міндетті үміткер атануға тырысып көреді.

Ербосынуланың қарсыласы Гайана өкілі, 36 жастағы Аллен Леннокс (22-1-1, 14КО). Жекпе-жек 12 қыркүйекте өтеді, орны қазірше белгісіз. Бірақ бұған дейін жекпе-жекті Қазақстанда өткізу жөнінде келіссөз жүргізілген.

Айта кетейік, былтыр желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өткен бокс кешінде Айдос Ербосынұлы ганалық Исса Самирді (19-1, 16КО) үшінші раундта нокаутпен жеңіп, WBC Asia, WBA International және WBO Global чемпиондық белбеулерін сәтті қорғанан еді.