Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында мәскеулік ЦСКА футболшысы Бактиер Зайнутдинов Қазақстан құрамасына шақырту алғаны туралы ақпарат тарады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Гол емес Телеграм-арнасы хабарлады.

Белгілі болғандай, Зайнутдиновтың есімі 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчтарына шақырылған ойыншылар тізімінде бар. Ұлттық құраманың толық құрамы жақын күндері жарияланады.