Украина құрамасының баспасөз қызметі 2022 жылғы әлем чемпионатының Қазақстанмен (1 қыркүйек) және Франциямен (4 қыркүйек) өтетін іріктеу матчтарына ұлттық құраманың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сондай ақ, Украина құрамасы Чехиямен жолдастық кездесу өткізеді (8 қыркүйек).

Қақпашылар: Анатолий Трубин («Шахтер»), Георгий Бущан («Динамо» Киев), Андрей Лунин («Реал» Мадрид).

Қорғаушылар: Александр Караваев, Илья Забарный, Виталий Миколенко, Александр Тимчик, Александр Сирота (бәрі — «Динамо» Киев), Николай Матвиенко, Сергий Кривцов, Виктор Корниенко (бәрі — «Шахтер»), Эдуард Соболь («Брюгге»).

Жартылай қорғаушылар: Тарас Степаненко («Шахтер»), Сергей Сидорчук, Николай Шапаренко, Виталий Буяльский, Виктор Цыганков (бәрі — «Динамо» Киев), Руслан Малиновский («Аталанта»), Александр Зубков, Игорь Харатин (екеуі де — «Ференцварош»), Александр Зинченко («Манчестер Сити»), Андрей Ярмоленко («Вест Хэм»).

Шабуылшылар: Роман Яремчук («Бенфика»), Артем Довбик («Днепр-1»).