«Реал Мадрид» футбол клубы бельгиялық қақпашы Тибо Куртуамен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп жазады Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа келісімшарт бес жылға жасалды, 29 жастағы ойыншы қазіргі командасында 2026 жылға дейін өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Куртуа «Реалға» 2018 жылы «Челсиден» ауысып келді. Содан бері футболшы 130 матчқа қатысты.