Садақ атудан Вроцлавта (Польша) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық садақшы Дәулеткелді Жаңбырбай ұлдар арасында жекелей сында 4-орын алды.

Дәулеткелді Жаңбырбай әлем чемпионатының жартылай финалына дейін жетті. Ол финал жолдамасы үшін таласта норвегиялық Людвиг Хенриксенмен кездесіп, 2:6 есебімен жол берді.

Ал жарыстың қкіші финалында қарсыласы үндістандық Бишал Чангмай болды. Өкінішке қарай, отандасмыз қарсыласына жол беріп, әлем біріншілігін 4-орынмен аяқтады.