Қазақстандық еркін күрес шебері Махамбет Нұржаубаев Уфада өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

97 келіде бақ сынайтын Махамбет жартылай финалда Әзірбайжан балуанымен кездеседі.

Сол турнирде қазақстандық Әсет Бауыржанов (70 келі) ширек финалда ирандық балуанға есе жіберді. Ал Есенгелді Асылжан (57 келі), Ермекбай Бекзат (65 келі), Гафуров Юнус (97 келі) алғашқы белдесулерінде жеңіді.

Турнирі 16-22 тамыз аралығында өтеді.