Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (16-1, 12 КО) алдағы екі жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec мәліметінше, 26 тамызда ол Коста-Меса қаласында (Калифорния штаты, АҚШ) мексикалық Рикардо Адриан Луна Флореспен (23-8-1, 15 КО) кездеседі. Жекпе-жек 8 раундқа есептеледі.

Ал 16 қыркүйекте Ахмедов Монтебеллода (Калифорния штаты, АҚШ) перулік Давид Сегаррамен (34-5, 21 КО) жұдырықтасады. Бұл кездесу 10 раундқа жоспарланған.

Ахмедовтің бокстағы шаруасымен GGG Promotions айналысады, бұл компанияның негізін орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) қалаған.

Еске салайық, Ахмедов кейінгі жекпе-жегін 2020 жылы желтоқсанда өткізген. Сол кезде эквадорлық Карлос Гонгора (20-0, 15 КО) оны 12-раундта нокаутқа түсіріп, екінші орта салмақта IBO чемпионы титулын иеленген болатын.