Бүгін Нұр-Сұлтанда ҚР Президенті кубогының үшінші орны үшін қытайлық «Куньлунь Ред Стар» мен өскемендік «Торпедо» кездесті.

Матч 2:1 есебімен қытайлық клубтың пайдасына аяқталды. Осылайша, «Куньлунь Ред Стар» ҚР Президенті кубогының қола жүлдегері атанды.

Турнирдің финалында елордалық «Барыс» пен қарағандылық «Сарыарқа» кездеседі.

«Куньлунь Ред Стар» — «Торпедо» (1:0, 1:0, 0:1)

Шайблар:1:0 — 17:22 Спроул (Рич, Николлс). 2:0 — 29:55 Кейн (Николлс, Бартли). 2:1 — 57:19 Мажуга (Гурин).

Қақпашылар: Смит — Янков