Қазақстандық Елена Рыбакина Монреалдағы WTA турнирінің жұптық сынында жартылай финалға шықты.

Ол ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге жарысып жатыр. Ширек финалда олар Ульрикка Эйкери (Норвегия)/Кэтрин Харрисон (АҚШ) жұбын 6:0, 6:2 есебімен жеңді.

Матч 56 минутқа созылды.