«Ливерпуль» жартылай қорғаушысы Джордан Хендерсон клубпен келісімшартын ұзартпақ. Бұл туралы «қызылдардың» бас бапкері Юрген Клопп айтты.

«Хендерсонмен келісімшартты жаңарту маңызды сәт, және ол міндетті түрде болады. Біз бұл мәселені сәл кейінірек жабамыз, оған күмән жоқ. Бәрі реттеледі», - деді бапкер.

Хендерсонның «Ливерпульмен» келісімшарты 2023 жылдың маусымына дейін. Бұған дейін тараптар келісімді ұзарту туралы бір мәмлеге келе алмағаны хабарланған болатын.