Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (15-0, 14КО) мен америкалық Джон Давейко (21-8-4, 12КО) арасындағы жекпе-жек Boxrec.com порталы тарапынан үш жұлдызды рейтингке ие болды, деп жазады Prosports.kz.

32 жастағы қазақстандықтың бұған дейінгі 15 жекпе-жегінің ешқайсысы мұндай баға алған жоқ. Оның үш жекпе-жегі екі жұлдызды болды, ал тағы жетеуі бір жұлдызбен бағаланған.

Кособуцкий – Давейко жекпе -жегі 21 тамызда Гамбургте (Германия) өтеді. Бұл кездесу 12 раундқа жоспарланған.