Қазақстан волейбол федерациясы республикалық ірі жарыстардың тізімін жариялады.
Қазақстан кубогы мен суперкубок матчы биылғы жылдың қазан мен қараша айларына жоспарланған.
Сонымен қатар, әйелдер арасындағы Кубоктың іріктеу кезеңі 1-8 қазан аралығында, ал ерлер арасында - 10-17 қазан аралығында өтеді.
Әйелдер командалары арасындағы кубок ойындарының финалдық кезеңі 20-28 қазан аралығында, ерлер арасында 6-14 қараша аралығында Өскеменде өтеді.
Ал әйелдер арасындағы суперкубок 28-30 қазан аралығында, ерлер арасында 14-16 қазан күндері Өскеменде өтеді деп белгіленген.
Жарыстардың барлығы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтаумен ұйымдастырылады.
Комментарии