КуПС бас бапкері Симо Валакари Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінің «Астанаға» қарсы қарымта ойыны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

– Тамаша нәтиже. Біздің команда мұнда өте жақсы командаға қарсы ойнады. Үзіліске дейін біз 2:0 есебімен жеңілдік, бірақ біздің ойыншылар өздерінен жеңіске деген жігер таба алды. Бізде мықты мінез бар және екі ойыннан кейін біз жеңіске лайық болдық.

– Хет-трик жасаған Рангель ойынға қосалқы құрамнан кірді. Неліктен ол негізгі құрамда жоқ?

- Бізде керемет ойыншылар көп, бірақ тек 11 ойыншыны ғана ойнай аламыз. Мен әрқашан матчта ойынды өзгертетін ойыншыларымыз бар екенін білдім.

–«Астананың» екінші таймда оңай ұтылғанына таң қалдыңыз ба?

– Біз «Астананың» екінші таймда көбірек қорғанатынын білдік және шабуылдаушы ойыншыларды шығардық. Бұл тактика өз жемісін берді.

- Келесі қарсылас «Унион» туралы не айта аласыз?

– Біз плей -оффқа шығуға лайық болдық. Бундеслиганың командаларымен ойнаймыз, бірақ футболда бәрі мүмкін. Біз бұрынғыдай ойнауды жалғастырамыз.

- Жаңбыр мен жасанды шөп сізді алаңдатты ма?

– Жоқ, бәрі жақсы болды. Доп тез қозғалды, осындай жағдайларға үйреніп қалдық.